Жуырда отандасымыз Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінде Германия өкілі Ян-Леннард Штруффты жеңген болатын.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Нидерландының Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP-500 санатындағы турнирде ширек финалға жолдама алды.
Үшінші айналымда отандасымыз Германия өкілі Ян-Леннард Штруффқа қарсы кортқа шықты. Қарсыластар арасындағы кездесу тартысты өтті. Дегенмен қазақстандық теннисші матчты 7:6 (7:2), 4:6, 6:3 есебімен өз пайдасына шешті. Ойын 2 сағат 6 минутқа созылды.
Ширек финалда Александр Бублик Испания теннисшісі Хауме Муньярмен кездеседі.
Бұған дейін қазақстанның бірінші ракеткасы Польша өкілі Хуберт Гуркачты жеңген еді.
Роттердамдағы ATP-500 турнирі – маусым басындағы маңызды додалардың бірі. Жүлде қоры 2 462 660 еуроға тең. Финал 15 ақпанда өтеді.