Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Нидерландының Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP-500 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты. Жарыс хард жабындысындағы корттарда өтіп жатыр.
Бублик алғашқы кезеңде Польша өкілі Хуберт Гуркачпен кездесіп, тартысты матчта камбэк жасап жеңіске жетті — 6:7, 7:6, 7:5. Кездесу 2 сағат 25 минутқа созылды.
Айта кетейік, бұған дейін Бублик пен Гуркач жеті рет ойнаған. Сол матчтардың алтауында поляк теннисшісі жеңіске жеткен еді. Бұл жолы қазақстандық спортшы жағдайды өзгертіп, маңызды жеңіске жетті.
Турнирдің келесі кезеңінде Александр Бублик Германия теннисшісі Ян-Леннард Штруффпен кездеседі.
Роттердам турнирдің жүлде қоры 2 462 660 еуроға тең. Финал 15 ақпанда өтеді.