Елена Рыбакина мансабында 400-рет жеңіске жетті
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 3-орын) Дохадағы WTA 1000 санатындағы турнирді жеңіспен бастады.
x.com
Ван Синьюйді екі сетте ұтты
Рыбакина жарыс жолын екінші айналымнан бастап, қытайлық Ван Синьюймен (WTA 33-орын) кездесті. Қазақстандық теннисші екі сетте басым түсті 6:2, 6:4.
Осы нәтижеден кейін Рыбакина турнирдің 1/8 финалына жолдама алып, мансабында 400-жеңісіне жетті.
Былтырғы нәтиже және биылғы басты мақсат
Айта кетейік, Рыбакина өткен маусымда Дохада ширек финалға дейін жетіп, польшалық Ига Швентекке (WTA 2-орын) жол берген еді — 2:6, 5:7.
2026 жылғы Дохадағы WTA 1000 турнирінің жалпы жүлде қоры — 4 088 211 доллар. Ал чемпион атанған теннисші 665 000 доллар табыс табады және WTA рейтингіне 1000 ұпай қосады.
Турнирдің былтырғы чемпионы — америкалық Аманда Анисимова (WTA 4-орын).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet