Дмитрий Бивол сәуірде шаршы алаңға оралмақ

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда ресейлік боксшы жаттығу жасауға оралғанын мәлімдеді.

Дмитрий Бивол сәуірде шаршы алаңға оралмақ
Дмитрий Бивол. Фото: ашық дереккөзден

Жартылай ауыр салмақта Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA), Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) және Халықаралық бокс федерациясы (IBF) нұсқалары бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол сәуір–мамыр айларында германиялық Михаэль Эйфертке қарсы жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Биволдың менеджері Вадим Корнилов мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Бұған дейін Бивол омыртқасына жасалған отадан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастаған еді.

"Басты мақсат – жекпе-жекті сәуір немесе мамыр айында өткізу. Егер Эйферт қазіргі жағдайға сай нақты талаптарға келіссе, онда жекпе-жек сонымен өтеді. Егер келіспесе, басқа қарсыластарды қарастырамыз", – деді Корнилов.

35 жастағы Бивол кәсіби мансабында 24 жеңіске (оның 12-сін нокаутпен) жетіп, бір рет жеңілген. 28 жастағы Эйферт 14 жекпе-жекте 13 рет жеңіске жетіп, бір мәрте жеңіліс тапқан. Ол IBF нұсқасы бойынша титулға міндетті үміткер саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір