Қазақстандық жастар Англиямен тартысты ойында алты голдық шоу жасады
Қазақстан U-21 құрамасы 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Англиямен кездесті.
Қазақстан матчтың басында есеп ашты
D тобындағы кездесу Вулверхэмптон қаласындағы "Молиньо" стадионында өтті. Ойынға словениялық Матео Тозан бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетті.
Қазақстандық жастар кездесуді қарқынды бастап, үшінші минутта-ақ алға шықты. Бұрыштамадан берілген допқа Артем Литош бірінші жетіп, ағылшындықтардың қақпасын дәл көздеді.
Бірақ голдан кейін қазақстандықтар қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, қарсыластың қысымына тап болды. Бірнеше қателіктен соң Әли Тұрғанов допты өз қақпасына бағыттап алды. Артынша Джош Ачимпонг алыстан соққы жасап, алаң иелерін алға шығарды.
Сэйф Попов үзіліске дейін таразы басын теңестірді
Бірінші тайм аяқталар тұста Қазақстан құрамасы есепті теңестірді. Сэйф Попов қақпа маңындағы мүмкіндігін тиімді пайдаланып, командаларды үзіліске 2:2 есебімен алып кетті.
Екінші таймда Англия құрамасы шабуылын күшейтті. Алаң иелерінің қысымы Макс Аллейннің голымен аяқталса, кездесудің соңғы нүктесін Уильям Ланкшир қойды — 4:2.
Осы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында төрт ұпай қалды. Команда D тобының соңғы орнында келеді.
Қазақстан U-21 құрамасы келесі кездесуін 29 қыркүйекте сырт алаңда Ирландияға қарсы өткізеді.