Жарнама
Жарнама
Темірлан Ерлановтың голы Қазақстан құрамасын ұпай әкелді
Instagram/@kff_team

Темірлан Ерлановтың голы Қазақстан құрамасын ұпай әкелді

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымын Фарер аралдарына қарсы тең нәтижемен бастады.

Қазақстан үзіліске дейін есепті теңестірді

Торсхавн қаласында өткен кездесудің 14-минутында алаң иелері алға шықты. Фарер аралдары құрамасының шабуылшысы Аки Самуэльсен қақпаны дәл көздеді.

Қазақстан құрамасының жауап голы көп күттірмеді. 26-минутта бұрыштамадан көтерілген допқа Темірлан Ерланов бірінші жетіп, баспен дәл соққы жасады.

Матчтың қалған бөлігінде командалар бірнеше мүмкіндік ұйымдастырғанымен таблодағы нәтиже өзгерген жоқ.

Ван ’т Схиптің ресми дебюті

Бұл ойын Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Джон ван ’т Схип үшін ресми дебют болды. Нидерландтық маман ұлттық команданы Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ұпайына жеткізді.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 29 қыркүйекте өткізеді. Ұлттық команда Кошице қаласында Словакиямен сынға түседі.

Жарнама
Жарнама
Клуб беті: Қазақстан