Қазақстан — Өзбекстан матчы жеңімпазын пенальти сериясы анықтады
Футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы Шымкенттегі екінші жолдастық кездесуде Өзбекстанға пенальти сериясында ұтылды.
Русланжан Райымбақиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы сапында Әнуар Төленді, Роман Черноморец және Әли Садырбаев гол соқты. Негізгі уақытта командалар жеңімпазды анықтай алмады. Есеп — 3:3. Ал матчтан кейінгі пенальти сериясында өзбекстандық футболшылар 4:3 есебімен басым түсті.
Күзгі оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы кездесуде де негізгі уақыт тең аяқталған еді — 4:4. Ол жолы пенальти сериясында Қазақстан құрамасы 5:4 есебімен жеңіске жеткен.
Енді Қазақстан U-17 құрамасы Ресейдегі құрдастарымен ойнайды. Жолдастық матчтар 2 және 5 қазанда Шымкентте өтеді.
Жарнама
Жарнама
Клуб беті:
Қазақстан U19