Жарнама
Жарнама
Жеңіс жоқ: Қазақстан – Фарер аралдары матчына болжам жасалды
instagram.com/kff_team/

Жеңіс жоқ: Қазақстан – Фарер аралдары матчына болжам жасалды

Екі құрама арасындағы матч 6 қазанда Астанада өтеді. Кездесу 19:00-де басталады.

Болжам – 1:1

Британиялық Sports Mole басылымы UEFA Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы матчқа болжамын жариялады. Басылым сарапшылары кездесуде жеңімпаз анықталмайды деп есептейді.

Sports Mole Қазақстан құрамасының соңғы нәтижелеріне назар аударған.

"Қазақстан құрамасының соңғы ойындары алаңдатады. Дегенмен өз алаңында бұл команданы жеңу оңай емес. Фарер аралдары да тең ойындарды жеңіске айналдыруда қиындық көріп жүр. Сондықтан олар Ұлттар лигасында тағы бір ұпаймен шектелуі мүмкін. Болжам – 1:1", – деп жазды басылым.

Қазақстан мен Фарер аралдары жуырда ғана осы Ұлттар лигасы аясында кездесті. Алғашқы ойын 1:1 есебімен аяқталған еді.

Қазақстанға жеңіс ауадай қажет

Үш турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде небәрі бір ұпай бар. Ұлттық команда C дивизионының 3-тобында төртінші орында тұр.

Қазақстан – Фарер аралдары матчы 6 қазанда Астанада өтеді. Кездесу 19:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама