Жарнама
Жарнама
"Қалаған кезде қайта орала алады": Португалия бапкері Роналдумен болған дау туралы
japantimes.co.jp/

"Қалаған кезде қайта орала алады": Португалия бапкері Роналдумен болған дау туралы

Португалия құрамасының бас бапкері Жорже Жезуш Криштиану Роналдудың ұлттық командаға қайта оралу мүмкіндігіне қатысты пікір айтты.

Португалия Роналдусыз Норвегияны жеңді

Португалия құрамасы Криштиану Роналдусыз өткізген кездесуде Норвегияны 2:1 есебімен жеңді. Матч аяқталғаннан кейін Жорже Жезуш Роналдумен байланысты соңғы жағдайға түсініктеме беріп, футболшының ұлттық құрамадағы болашағы әлі де ашық екенін жеткізді.

Бас бапкердің айтуынша, Роналду келесі оқу-жаттығу жиынына шақырту алдында өз болашағына қатысты нақты шешім қабылдауы тиіс.

"Роналду келесі шақыртуға дейін болашағын анықтауы керек. Егер ол ойнап жүрсе және ұлттық құрамада болғысы келсе, қалаған кезінде қайта орала алады. Неге болмасын? Бұл жай ғана түсініспеушілік болды және меніңше, оны оңай шешуге болады. Мен үшін бәрі қалыпты. Қашан реттеледі? Білмеймін, көре жатармыз", – деді Жезуш.

Роналду Португалия құрамасынан неге кетті?

Бұған дейін Криштиану Роналду Ұлттар лигасындағы матчтардың бірінде алаңға шықпағаннан кейін Португалия құрамасының жаттығуына қатыспағаны хабарланған. Кейін шабуылшы ұлттық команданың орналасқан жерінен кетуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Бұл жағдай Португалия футболында үлкен резонанс туғызып, Роналду мен бапкерлік штаб арасындағы қарым-қатынасқа қатысты түрлі пікірлер айтылды.

Португалия футбол федерациясы жұлдызды ойыншының құрама орналасқан жерден өз бетінше кетуіне байланысты тәртіптік шара қолданылуы мүмкін екенін де хабарлаған. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Роналдуға айыппұл салынуы немесе уақытша дисквалификация берілуі ықтимал. Бірақ Жорже Жезуштың соңғы мәлімдемесі тараптар арасындағы жағдайды реттеуге мүмкіндік бар екенін аңғартады.

Жарнама
Жарнама