Жарнама
Жарнама
Қазақстандық жас футболшы Еуропа клубтары қызығушылық танытты
asnews.kz

Қазақстандық жас футболшы Еуропа клубтары қызығушылық танытты

"BX Brussels" клубында өнер көрсететін 17 жастағы отандасымыз жуырда өткен жолдастық кездесуде ерекше ойынымен көзге түсті. 

Бельгияның "BX Brussels" клубында өнер көрсететін 17 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Әл-Фараби Маделханов "Юнион Сент-Жиллуаздың" жасөспірімдер командасына қарсы жолдастық матчта нәтижелі ойынымен көзге түсті.

Астана тумасы алаңда 85 минут өткізіп, бір гол және бір нәтижелі пастың авторы атанды. Ал жалпы кездесу 5:5 есебімен аяқталды. 

Биылғы маусымда Әл-Фараби Маделханов бес матчқа қатысып, төрт нәтижелі әрекет жасаған.

Испания мен Португалия клубтары бақылап жүр

ASnews.kz мәліметінше, жас қазақстандық футболшыға қазір Испания мен Португалия клубтары қызығушылық танытып отыр.

"BX Brussels" клубы соңғы айларда құрылымын да күшейткен. Командаға "Юнион Сент-Жиллуаз" және "Андерлехт" жүйесінде жұмыс істеген мамандар тартылған.

Клуб мюнхендік "Баварияның" бас бапкері Венсан Компаниге тиесілі екені де айтылады. 

 

Айта кетейік, Әл-Фараби Маделханов бұған дейін Шымкенттегі БЖСМ/СДЮШОР жүйесінде және Астананың "Динамо" клубында өнер көрсеткен.

 

Жарнама
Жарнама