Жарнама
Жарнама
Аты аңызға айналған голландиялық Бразилияның әйгілі клубын тізгіндеді
instagram.com/clarenceseedorf/

Аты аңызға айналған голландиялық Бразилияның әйгілі клубын тізгіндеді

50 жастағы Кларенс Зеедорф "Коринтианстың" бас бапкері болып тағайындалды.

Келісімшарт қанша уақытқа жасалды?

"Коринтианс" нидерландтық маманның тағайындалғанын ресми түрде жариялады. Соңғы жеті жыл бойы команда жаттықтырмаған Зеедорф клубпен 2027 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойды.

Жаңа бас бапкер бұл ұсынысты қабылдау өзі үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік екенін жеткізді. Оның айтуынша, басты мақсат – әр допқа таласып, матчтың әр минутында жеңіс үшін күресетін ұжым қалыптастыру.

"Коринтианс" – бапкерлік мансабындағы бесінші команда

Зеедорф бұған дейін Еуропа мен Азия клубтарында, сондай-ақ ұлттық құрамада жұмыс істеген. Оның бапкерлік жолы мына командалармен байланысты:

"Милан" – 2014 жыл;
"Шэньчжэнь" – 2016 жыл;
"Депортиво" – 2018 жыл;
Камерун құрамасы – 2018–2019 жылдар.

Осмар Стабиле тәжірибелі маманның келуіне қуанышты екенін айтып, оның жұмыс тәсілі клубтың ұстанымына сай келетінін атап өтті. Басшылық Зеедорф пен оның бапкерлер штабы команданы Бразилия чемпионатындағы қиын кезеңнен алып шығады деп сенеді.

Қазір "Коринтианс" 29 матчтан кейін 32 ұпаймен 16-орында тұр.

Алғашқы қарсыласы – "Палмейрас"

Зеедорфтың жаңа қызметіндегі алғашқы матчы 20 қазанға жоспарланған. Сол күні "Коринтианс" өз алаңында "Палмейрасты" қабылдайды.

Бұл кездесу нидерландтық бапкердің жеті жылдық үзілістен кейінгі алғашқы ойыны болмақ.

Жарнама
Жарнама