Жарнама
Жарнама
Криштиану Роналду өзбекстандық клубқа қарсы ойнайды
instagram/@alnassr

Криштиану Роналду өзбекстандық клубқа қарсы ойнайды

Криштиану Роналду АФК элиталық Чемпиондар лигасында Өзбекстанның "Нефтчи" клубына қарсы кездесуді негізгі құрамда бастайды.

Роналду бастаған негізгі құрам

Португалиялық шабуылшы "Әл-Насрды" алаңға капитан ретінде бастап шығады. Саудиялық клуб АФК элиталық Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турға арналған құрамын Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады. Эр-Риядтық команданың қарсыласы — Ферғана қаласының "Нефтчи" клубы.

"Әл-Насрдың" бастапқы құрамы: Бенто, Бушаль, Симакан, Мартинес, Аман, Габриэл, Кошта, Коман, Мане, Феликс және Роналду.

"Әл-Наср" алғашқы ұпайына таласады

Турнирдің бірінші турында "Әл-Наср" Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Айн" командасынан 0:4 есебімен жеңілген еді. Сондықтан саудиялық ұжым екінші турға ұпайсыз келіп отыр.

Кездесу 12 қазанда Эр-Риядта өтеді. Матчтың басталуы Астана уақытымен сағат 23:15-ке белгіленген.

Жарнама
Жарнама