Тухель Англия құрамасын баптауға келісті

Редактор Penalty.kz
16.10.2024, 08:17

Неміс маманы Томас Тухель Англия құрамасының бас бапкері болуға келісті.

matchtv.ru

Неміс маманы Томас Тухель Англия құрамасының бас бапкері болуға келісті. Өткен аптада Ұлттар лигасында Грекиядан 1-2 есебімен болған жеңілістен кейін FA Ли Карслиді құрама тізгінінде тұрақты түрде қалдыру идеясынан бас тартты.

Қауымдастық Тухельмен байланыс орнатып, тез арада ортақ тіл тапты. The Times газетінің хабарлауынша, тараптар келісіп қойған және осы аптада Томас жаңа рөлде ұсынылуы мүмкін.

FА-ның шұғыл шешім қабылдауынна гректердің жеңісі ғана емес, Еуропаның бірқатар жетекші клубтарының, соның ішінде Манчестер Юнайтедтің Тухельге деген қызығушылығы себеп болды.

51 жастағы неміс өткен маусымның соңында Бавариядан кеткелі бері жұмыссыз. Тухельдің Англияда тәжірибесі бар, 2021 жылы Челсимен Чемпиондар Лигасын жеңіп алды.