Канчельскис: «Фергюсонға "МЮ" киім ауыстыратын бөлмесіне кіруге тыйым салу — ақымақтық»

Редактор Penalty.kz
17.10.2024, 01:05

«Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы ойыншысы және Ресей құрамасының өкілі Андрей Канчельскис Sport-express.ru сайтына берген сұхбатында аңызға айналған бапкер сэр Алекс Фергюсонның клуб киім ауыстыратын бөлмесіне кіруіне тыйым салынуы туралы пікір білдірді.

Алекс Фергюсон / Фото ESPN

— Нағыз ақымақтық! Америкалықтар клубқа келгеннен бері барлығын бұзып жатыр. Команда құлдырауда. Мұның бәрі жаттықтырушыдан басталады. Меніңше, ол да ақылмен дос емес. Барлығы оған қарсы деп ойлайды. Мұның бәрі америкалықтардан шығады. Клуб иелерін тезірек ауыстырса, бәрі жақсы болады. Олардың жалғыз мақсаты — ақша. Ақымақтық! Бұның бәрі олардың мойнында қалады.

— Эрик Кантона да осыған байланысты өз пікірін айтып, «бұл әрекетке барғандарға үлкен қап дерьмо тастайтынын» айтты...

— Мен онымен толықтай келісемін. Бұның бәрі Эрик тен Хагтың әрекеттері. Ол ешкімді базадан өткізбейді, тығылып жүр. Оның нәтижесі — команда қазір 14-орында. Бірақ ол бәрібір тығыла беруде. Неден қорқады? Бұл күлкілі. Америкалықтар — ақымақ қойлар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Daily Mail басылымы «МЮ» клубының Фергюсонға негізгі құрамның киім ауыстыратын бөлмесіне кіруге тыйым салғанын хабарлаған еді. Клуб аңыздарының киім ауыстыратын бөлмеге келуі — ондаған жылдар бойы дәстүрге айналған болатын.

Сэр Алекс Фергюсон 1986-2013 жылдары «Манчестер Юнайтед» командасын басқарды. Оның жетекшілігімен клуб 13 рет Англия чемпионы, 5 рет Англия кубогы, 10 рет елдің Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, «МЮ» екі рет Чемпиондар Лигасында және бір рет УЕФА Суперкубогында жеңіске жетті.