Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Криштиану Роналду клуб ауыстыруы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
07.11.2024, 17:16

Португалиялық футболшы Неймардың орнын басады деген болжам бар. 

news.sportbox.ru
Реклама
Реклама

Атақты Криштиану Роналду клуб ауыстыруы мүмкін. Diario sport хабарлауынша, 39 жастағы футболшыға «Әл-Хилал» қызығушылық танытып отыр. 

Қазір «Әл-Наср» сапында өнер көрсететін Роналду ағымдағы маусымда 14 матч өткізіп, 10 гол соқты. 3 нәтижелі пас берді. Естеріңізде болса, Криштиану Роналду бұл клубқа 2022 жылдың желтоқсанында Манчестер Юнайтедпен келісімшартты бұзғаннан кейін еркін агент ретінде қосылды. 

Оның саудиялық клубпен келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. 

Айта кетейік, "Әл-Хилал" 2025 жылдың қаңтарында Неймармен арадағы келісімшартты үзбек. Сөйтіп, командаға Криштиануды шақыруды жоспарлап отыр. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары