Қарашаның 14-і күні Станислав Черчесов шәкірттері Аустрияға қарсы ойын өткізеді.
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы ойындарға дайындығын бастады. Бірақ оған шетелде өнер көрсететін футболшылар қатыспады. ҚФФ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Абат Айымбетов, Бахтиер Зайнутдинов, Нұралы Әліп, Максим Самородов және Ғалымжан Кенжебек құрамаға жақын арада қосылады.
Еске сала кетейік, Станислав Черчесов шәкірттері осы айда кездесу өткізеді. 14 қараша күні Алматыдағы Орталық стадионда Аустрияны қабылдайды. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.
Араға 3 күн салып, сырт алаңда Норвегияға қарсы ойнайды. Матч Осло қаласындағы «Уллеволь» стадионында өтеді. Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.