Бұған дейін отандасымыз Бакуде қола медаль иеленген еді.
Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсеткен спорттық гимнаст Зейнолла Идрисов Германияның Штутгарт қаласында өткен халықаралық турнирде алтын жүлдеге ие болды. Қазақ спортшысы ат снаряды жаттығуы бойынша Идрисов 14,066 ұпай жинап, қарсыластарын артта қалдырды.
Қалған жүлдегерлер:
Зейнолла Идрисовтың бұл жеңісі – қазақстандық спорттық гимнастиканың дамып келе жатқанын және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз Бакуде өткен Әлем кубогы бәсекесінде қола жүлде еншілеген еді.