Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

УЕФА Килиан Мбаппені жазалады

Редактор Penalty.kz
05.04.2025, 10:48

УЕФА-ның этика және тәртіп комитеті Чемпиондар лигасының 1/8 финалынан кейін "Реал" ойыншыларының әрекетіне қатысты шешім қабылдады. Мадридтік клубтың бірнеше жұлдызы "Атлетикоға" қарсы матчтан соң трибунаға бейәдеп ишаралар көрсетті. 

sportbox.ru
Реклама
Реклама

Мбаппеге шартты дисквалификация мен 30 мың еуро айыппұл

Жеңіс қуанышын эмоциямен бөліскен футболшылардың бірі — француз шабуылшысы Килиан Мбаппе болды. УЕФА оған бір матчтық шартты дисквалификация беріп, 30 мың еуро айыппұл салды. Бұл жаза бір жылдық сынақ мерзімімен бекітілді. Осы уақыт ішінде тағы да тәртіп бұзса, автоматты түрде ойыннан шеттетіледі.

Рюдигер мен Себальос та назардан тыс қалған жоқ

Антонио Рюдигер 40 мың еуро, ал Дани Себальос 20 мың еуро көлемінде айыппұл арқалады. Екеуіне де Мбаппемен бірдей — шартты дисквалификация түріндегі жаза тағайындалды.

"Атлетико" жанкүйерлеріне көрсетілген ишара

Жазаға негіз болған жағдай — Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы қарымта матч. "Реал" пенальти сериясында "Атлетиконы" жеңіп (жалпы есеп — 4:2), келесі кезеңге өткен. Осы сәттен кейін бірнеше ойыншы қарсылас команданың жанкүйерлеріне түрлі ишаралар көрсетіп, УЕФА-ның тәртіп нормаларын бұзған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары