Астанадағы ҚПЛ матчы 4:0 есебімен аяқталды
06.04.2025, 19:05
Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының төртінші турында Семейдің "Елімайы" мен Жезқазғанның "Ұлытауы" Астанадағы "Астана Аренада" кездесті.
Vesti.kz
Ойынның алғашқы жартысында екі команда да белсенділік танытып, шабуылға жиі шықты. Әр тараптың да есеп ашуға мүмкіндіктері болды. Алайда тайм соңында Серікжан Мужиков айып алаңына керемет пас жіберіп, сол сәтті Фессу Плакка нәтижелі аяқтады.
Үзілістен кейін "Елімай" толық ойын тізгінін қолға алды. Команданың шабуылы жүйелі әрі нәтижелі бола түсті. Фейсал Мулич, Абылайхан Нәзімханов және Әділбек Жұмаханов гол соғып, есепті 4:0-ге жеткізді.
"Елімай" (Семей) — "Ұлытау" (Жезқазған) 4:0 (1:0)
Голдар: Плакка 44 (1:0), Мулич 74 (2:0), Назымханов 90 (3:0), Жұмаханов 90+4 (4:0).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама