Қазақстан Премьер-Лигасының үшінші турында "Атырау" алматының "Қайратын" қабылдады.
Бірінші таймда екі команда да шабуылда белсенділік танытты. Бірақ есеп ашылмады. Ал екінші таймда ойын мүлдем басқа арнаға бұрылды.
52-минутта Дастан Сәтпаевтың алыстан бағыттаған добы рикошетпен қақпаға кіріп кетті. Ал төрт минуттан кейін ол қақпашымен бетпе-бет шығып, есепті еселеді.
Атыраулықтар үмітін үзіп үлгермей, Цветелин Чунчуков нәтижені 1:2-ге жеткізді. Бірақ бұл олардың жалғыз жетістігі болды.
Матчтың соңғы бөлігінде Сәтпаев Юго Станоевке нәтижелі пас шығарып, үшінші голға өз үлесін қосты. 79-минутта Жоржиньо "Қайраттың" төртінші голын соғып, ойынның нүктесін қойды.
"Атырау" — "Қайрат" 1:4 (0:0)
Голдар: Сәтпаев 51 (0:1), Сәтпаев 54 (0:2), Чунчуков 57 (1:2), Станоев 71 (1:3), Жоржиньо 79 (1:4)
Алаңнан қуылды: Чадунели 90.