Түркияның әйгілі "Бешікташ" клубында алдағы жазда ауқымды кадрлық өзгерістер болады.
Түркияның беделді басылым Fotomac-тың жазуынша, "Бешікташтың" бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер өз үмітін ақтамаған ойыншылардан тұратын арнайы тізім жасаған. Бұл "қара тізімге" енген 10 футболшының бәрі клуб басшылығымен жеке-жеке әңгімелесіп, командадан кету мүмкіндігін талқылайды.
Сульшердің тізіміне енген футболшылардың ішінде Бахтиёр Зайнутдиновтың да есімі бар. Сонымен қатар келесі ойыншылар командамен қош айтысады:
Ағымдағы маусымда Зайнутдинов "Бешікташ" құрамында барлығы 12 матчқа қатысып, бір ғана нәтижелі паспен көзге түскен. Бұл көрсеткіш клубтың амбициясына сәйкес келмеген сыңайлы.