Ол хоккей клубының жаңа бас директоры болып тағайындалды.
Астаналық "Барыс" хоккей клубының жаңа бас директоры болып Сәкен Мұсайбеков тағайындалды. Бұл туралы "Головой об лёд" телеграм-арнасы хабарлады.
Сәкен Мұсайбеков — қазіргі Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының (ҚФХ) бас директоры, сондай-ақ Қазақстан ҰОК-нің қысқы спорт түрлері бойынша вице-президенті. Енді ол Нұрлан Оразбаевтың орнына келіп отыр.
Оразбаев бұл қызметке 2024 жылдың қазанында тағайындалып, 2025 жылдың сәуірінде отставкаға кеткен еді.
Мұсайбеков бұрын вице-министр қызметін атқарып жүріп, пара алғаны үшін сотталған болатын. Газет "Время" дерегінше, ол 2021 жылы ақпанда ұсталып, 2021 жылдың тамызында 62 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге үкім етілген. Ол пара ретінде 3 миллион теңгеден астам тұратын әйелдер сөмкесін алғаны үшін айыпталған.
Айта кетейік, «Барыс» ҚХЛ-дің соңғы маусымын 68 матчтан небәрі 35 ұпай жинап, ең нашар көрсеткішпен аяқтаған болатын.