Сену қиын! Қазақстан құрамасының жұлдызды қақпашысы Ресейге оралды
Қазақстан құрамасының қақпашысы Сергей Кудрявцев ЖХЛ-дағы "Южный Урал" клубына оралды.
Қазақстан хоккей құрамасының қақпашысы Сергей Кудрявцев Ресейдің Жоғары хоккей лигасындағы (ВХЛ) "Южный Урал" клубымен келісімшартқа қол қойды.
"Сергей, оралғаныңа қуаныштымыз! Тәжірибе бар, команда таныс – енді ойынға қайта кірісетін уақыт келді. Қош келдің, Сергей!" – деп ресейлік клубтың баспасөз қызметі қақпашының оралуын жылы қабылдады.
Кудрявцевтің бұрынғы мансабы
30 жастағы Сергей Кудрявцев Орск қаласының "Южный Урал" сапында 2021–2023 жылдары ойнаған. Ол ЖХЛ-да жалпы 52 матч өткізіп, 127 шайба жіберген.
"Арланмен" чемпион болды
Кудрявцев 2024/2025 жылғы маусымды Қазақстанның "Арлан" клубында өткізіп ел чемпионы атанды.
- Тұрақты чемпионатта: 21 матч, 93,1% шайба қайтару көрсеткіші;
- Плей-офф кезеңінде: 11 матч, 94,6% көрсеткіш.
Сергей Кудрявцев Қазақстан құрамасы сапында 2025 жылғы әлем чемпионатында болып, бір матчқа қатысты.