Қазақстандық хоккей қауымдастығында тағы бір маңызды кадрлық өзгеріс болды. "Барыс" ХК жанындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (ДЮСШ) директоры Руслан Мәмбеталиев өз лауазымынан кетеді.
Руслан Мәмбеталиев — "Барыстың" бас бапкері Ғалым Мәмбеталиевтің ұлы. Ол аталған қызметке былтыр тағайындалған. Сол кезеңде клубтың бас директоры қызметін Нұрлан Оразбаев атқарған.
Алайда қазір клубтың басқару жүйесінде ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Жаңа басшылық құрамға Сәкен Мұсайбековтің келуімен кадрлық құрам да түбегейлі жаңаруда.
Инсайдерлік деректерге сүйенсек, "Барыс" БЖСМ басшылығында да ауыс-түйістер болады. Себебі Оразбаев құрған басқару тобы мен Мұсайбековтің көзқарастары хоккейдің дамуына қатысты мүлде кереғар. Осы себепті олар бір жүйеде бірге жұмыс істей алмайды деген пікір қалыптасқан.