Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Мен бұл елді жақсы көремін": Даррен Диц Қазақстанға оралды

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 05:00

"Барыстың" экс-капитаны Даррен Диц минскілік "Динамомен" келісімшарт жасасқан соң Қазақстанға келді. 

ria.ru

Отбасы, зал және мұздағы жаттығулар

Минскілік "Динамо" ХК баспасөз қызметі бұрынғы "Барыс" пен Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Даррен Дицпен сұхбат жариялады. Қазір канадалық хоккейші демалысын Қазақстанда өткізіп жатыр.

Демалыс қалай өтіп жатыр? Қайдасың? Немемен айналысудасың?

– Демалыс өте жақсы өтіп жатыр. Қазір Қазақстандамын. Уақытымды отбасыммен өткізіп, балаларыммен бірге болуға тырысып жүрмін. Сонымен қатар физикалық формамды жоғалтпас үшін залда жаттығу жасап жүрмін. Айтпақшы, ОФП (жалпы дене дайындығы) жаттықтырушым Беларусь елінен шыққан. Жақын күндері мұз үстіндегі жаттығуларды да бастаймын", – дейді Диц.

Орыс тілі, танысу тарихы және тіл үйрену тәжірибесі

Даррен орыс тілін жақсы меңгергенін айтады:

– Тілді үйренудің ең тиімді жолы – күнделікті тәжірибе. Сағаттар, күндер, айлар, жылдар бойы үздіксіз тәжірибе арқылы меңгеруге болады. Жолдасым – Қазақстаннан. Ол маған тілді үйренуге көп көмектесті. Бұрын өзі тіл мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. Біз дәл сол жерде таныстық.

Мен Қазақстанды жақсы көремін»

– Қазақстанда тұруға не себеп болды?

– Жолдасым мен оның туыстары – Қазақстаннан. Бірақ бұл жалғыз себеп емес. Менің ересек өмірімнің көп бөлігі дәл осы елде өтті. Қазақстанға алғаш рет 23 жасымда келдім. Осы жерде кәсіби де, жеке тұлға ретінде де қалыптастым. Мен бұл елді жақсы көремін, – деді Диц.

Қазақ тілін үйреніп жүр

– Қазақ тілін білесің бе?

– Иә, қарапайым сәлемдесу сөздерін білемін. Бұл бағытта да дамуға тырысып жүрмін. Қазақ тілі – мен үшін де үйрену процесінің бір бөлігі, – дейді хоккейші.

Қысқаша деректер: Даррен Диц

  • "Барыс" сапында 2017–2021 жылдар аралығында ойнады.
  • Қазақстан ұлттық құрамасында 2020–2022 жылдары өнер көрсетті.
  • 2023 жылы қазақстандық азаматтығынан айырылды.
  • 2024 жылдың маусым айында Минскінің "Динамо" клубымен келісімшартқа отырды.