Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Александр Овечкинге NHL рекорды үшін көлік сыйға тартылды

Редактор Penalty.kz
14.07.2025, 11:56

Мәскеудегі "ЦСКА Аренада" өткен қайырымдылық хоккей матчында хоккей әлемінің жарық жұлдыздары бас қосты. "Жыл матчы" деп аталған бұл кездесуде NHL (Ұлттық хоккей лигасы) мен KHL (Құрлықтық хоккей лигасы) ойыншылары өзара бақ сынасты.

championat.com
Реклама
Реклама

Овечкин – жаңа тарихи рекорд иесі

Кездесу айқын басымдықпен аяқталды: NHL жұлдыздары қарсыластарын 15:3 есебімен тас-талқан етті. Матч алдында "Вашингтон Кэпиталз" клубының капитаны Александр Овечкинге арнайы құрмет көрсетілді. Себебі, ресейлік шабуылшы 6 сәуір күні NHL тарихындағы ең үздік снайпер атанды. Ол Уэйн Гретцкидің 894 голдық рекордын жаңартып, қазір 897 шайбамен көш бастап тұр.

Бұл оқиға хоккей тарихының жаңа парағын ашты. Овечкин енді NHL-дің барлық кезеңіндегі ең көп гол соққан ойыншы ретінде тарихта қалды.

Jetour T2 – батыр шабуылшыға лайық сый

Овечкинге жасалған құрмет мұнымен аяқталған жоқ. Матч басталар алдында оған Jetour T2 маркалы жаңа көлік сыйға тартылды. Бұл сыйлық оның ерен еңбегі мен тарихи жетістігін жоғары бағалағандардың белгісі болды.

ФОТО: gazeta.ru
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары