Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Барыс" үшін Ғалым Мәмбетәлиевтің отставкасы қымбатқа түседі

Редактор Penalty.kz
15.07.2025, 17:43

"Барыс" ХК бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиевті мерзімінен бұрын қызметтен босатса, шамамен 194 миллион теңге өтемақы төлеуге мәжбүр болады.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

29 миллион рубль өтемақы 

"Барыс" пен Ғалым Мәмбетәлиев арасындағы үш жылдық келісімшарт әлі де өз күшінде. Алайда бапкерді қызметінен мерзімінен бұрын босатуға шешім қабылданса, оған шамамен 29 миллион рубль (194 миллион теңге) көлемінде өтемақы төленуі тиіс.

Жаңа демеуші – жаңа талаптар?

Бұған дейін БАҚ-та "Барыс" клубына 300 миллион рубль көлемінде қаржылай қолдау көрсетуге дайын жеке демеуші табылғаны туралы ақпарат тараған еді. Бірақ қаржылай көмек көрсету шартының бірі – бас бапкерді ауыстырып, шетелдік маманды тағайындау болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

"Барыстың" соңғы маусымы – көңіл көншітпеді

Айта кетейік, "Барыс" 2024/2025 жылғы маусымда Құрлықтық хоккей лигасында (КХЛ) ең соңғы орынға жайғасып, 68 матчта бар болғаны 35 ұпай жинады. Бұл нәтиже клуб тарихындағы ең сәтсіз кезеңдердің бірі ретінде есте қалды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары