Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Талғат Жайлауов "Барысқа" қайта оралады

Редактор Penalty.kz
01.08.2025, 05:43

Қазақстан хоккейіндегі аты аңызға айналған тұлға Талғат Жайлауов "Барыс" клубына қайта оралудың алдында тұр. 

sportbugin.kz
Реклама
Реклама

Жайлауов — "Барыстың" жаңа бапкерлік құрамында?

"Головой об лед" Telegram-арнасының мәліметіне сүйенсек, қазір "Номад" клубының бас бапкері қызметін атқарып жүрген Талғат Жайлауов алдағы уақытта "Барыстың" бас бапкері көмекшісі ретінде тағайындалуы ықтимал.

"Барыс“ басшылығы қазір "Номадтың“ бас бапкері, бұрынғы белгілі хоккейші Талғат Жайлауовты жаңа бас бапкерге көмекші ретінде тағайындау нұсқасын қарастырып жатыр. Бұл шешімнің жүзеге асу ықтималдығы өте жоғары", — деп жазды дереккөз.

Михаил Кравец — жаңа бас бапкер

"Барыстың" жаңа бас бапкері болып ресейлік маман Михаил Кравец тағайындалады деп күтілуде. Ол бұған дейін ҚХЛ-дегі "Куньлунь Ред Стар" клубын жаттықтырған.

Егер Кравец Жайлауовтың көмекші болуына қарсы болмаса, бұл шешім жақын күндері ресми түрде жариялануы мүмкін.

Жайлауовтың бапкерлік штабқа келуі "Барыс" үшін де, Талғаттың өзі үшін де маңызды қадам болмақ. Біріншіден, басшылық жаңа бапкердің қасында өз адамы болады, екіншіден — Жайлауов тәжірибе жинақтай алады.

Тарихи байланыс: 2007–2020

Талғат Жайлауов — "Барыс" тарихында ең үздік ойыншылардың бірі. Ол 2007 жылдан бастап 2020 жылға дейін астаналық клубтың намысын қорғаған. Кейін жаттықтырушылық жолын бастап, "Барыста" бас бапкердің көмекшісі болды, ал соңғы маусымда "Номад" клубын басқарды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары