Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Барыс" – "Салават Юлаев": Қазақстан құрамасының шабуылшысы дубль жасап, жеңіске жол ашты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
27.08.2025, 17:39

Астаналық "Барыс" хоккей клубы Магнитогорскідегі Ромазан мемориалы аясында екінші ойынын өткізіп, Уфаның "Салават Юлаевын" тізе бүктірді. 

hcbarys.kz
Реклама
Реклама

Матчтың басты сәттері

Бас бапкер Михаил Кравец келесі құрамды шығарды:

Қақпашылар: Шутов (Шестаков)
Қорғаушылар: Бекетаев – Данияр, Галимов – Өмірбеков – Веккьоне
Шабуыл желілері: Гайтамиров – Бреус, Савицкий – Мұхаметов – Қайыржан;
Королёв – Оразов, Әсетов – Шайхмедденов – Оспанов;
Ляпунов – Логвин – Симонов, Никитин.

Бірінші кезеңде ресейлік клуб есеп ашты. Алайда Майкл Веккьоне таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде ұлттық құрама шабуылшысы Әлихан Әсетов дубль жасап, "Барысқа" басымдық сыйлады. Дегенмен қарсылас та қарымта қайтарып, Шутов қақпасына бір шайба соқты.

Шешуші сәт

Үшінші кезеңде уфалықтар есепті теңестіріп, ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақытта жеңісті шайбаны Дінмұхамед Қайыржан соғып, "Барысқа" маңызды жеңіс әкелді.

Турнир барысы

Осыған дейін астаналық клуб "Магниткаға" 1:2 есебімен есе жіберген еді. Енді "Барыс" 29 тамызда "Металлургпен" кездеседі.

Ромазан мемориалы 26–29 тамыз аралығында өтуде. Турнирге төрт команда қатысады: "Барыс", "Металлург", "Салават Юлаев"және "Магнитка".

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары