Астананың «Барыс» хоккей клубы өз айдынында Новосибирсктің «Сібірімен» жолдастық кездесу өткізді.
Қазақстандық ұжым өткен маусымда ҚХЛ чемпионатында соңғы орынға тұрақтаса, ресейлік клуб плей-оффтың 1/8 финалына дейін жеткен еді.
Бас бапкер Михаил Кравец мұзға мынадай құрамды шығарды:
Қақпада: Шутов (Шестаков)
Қорғаушылар: Масси-Уолш, Галимов-Морелли-Веккионе; Маккошен-Бреус, Савицкий-Томпсон-Қайыржан; Бекетаев-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Колесников; Королёв-Оразов, Симонов-Шайхмедденов-Мұратов
Алғашқы кезеңде таблода есеп ашылмады. Ал екінші жиырмаминуттықта «Барыс» жанкүйерлерін қуантты. Кирилл Савицкий есепті ашты. Араға небәрі 42 секунд салып Джейк Масси тағы бір шайба соқты. Көп ұзамай қарсылас сапынан Скотт Уилсон мергендігімен көзге түсті.
Үшінші кезеңде алаң иелері ойын тізгінін уыстан шығармады. Әлихан Әсетовтың голы кездесудің соңғы нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 3:1, «Барыстың» жеңісі.
Ертең сағат 18:00-де екі команда қайта мұз айдынына шығады.