Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Барыс» жаңа маусымды жеңіспен бастады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
07.09.2025, 19:11

«Барыс» ХК 2025/26 жылғы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымын өз алаңында бастады. Қарсылас Челябі қаласының «Трактор» командасы болды.

hcbarys.kz
Реклама
Реклама

Құрам және ойын барысы

Бас бапкер Михаил Кравец алғашқы кездесуге мынадай құрамды шығарды:

Шутов (Шестаков) — Масси-Уолш, Галимов-Морелли-Веккионе; Маккошен-Бреус, Савицкий-Томпсон-Қайыржан; Бекетаев-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Оспанов; Оразов, Симонов-Шайхмедденов-Мухаметов.

Бірінші кезеңде есепті қонақтар ашты. Алайда көп ұзамай Аңсар Шайхмедденов таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде капитандық мінез көрсеткен Кирилл Савицкий «Барысты» алға шығарды, бірақ «Трактор» қайта есепті теңестірді. Үшінші жиырмаминуттықта шешуші сәтті Тайс Томпсон жасады. Оның шайбасы астаналықтарды жеңіске жақындатты. Бірақ матчтың аяқталуына екі минут қалғанда ресейлік команда таблодағы көрсеткішті теңестірді.

Нәтижесінде овертаймға ұласқан ойында «Барыс» шешуші шайбаны соғып, алғашқы жеңісіне жетті.

Ойын статистикасы

«Барыс» (Астана) — «Трактор» (Челябі) 4:3 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 1:0)

0:1 — 05:37 Ливо (Гросс, Дер-Аргучинцев), көпшілікте
1:1 — 08:09 Шайхмедденов (Мухаметов), тең құрамда
2:1 — 32:08 Савицкий (Қайыржан, Шайхмедденов), көпшілікте
2:2 — 36:16 Горюнов-Рольгизер (Ливо, Коромыслов), тең құрамда
3:2 — 52:42 Томпсон (Веккионе, Галимов), көпшілікте
3:3 — 57:31 Дюбе (Дер-Аргучинцев), тең құрамда, артық ойыншымен
9 қыркүйекте астаналықтар өз айдынында Хабаровскінің «Амур» клубын қабылдайды.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары