Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында Минскіде «Динамоға» қарсы ойнады.
Негізгі уақытта командалар бір-біріне шайба сала алмады. Ал шешуші сәт овертаймға ауысып, онда мұзсйдын иелері жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 1:0.
Бас бапкер Михаил Кравец Минскідегі ойында мына құрамға сенім артты:
Қақпашылар: Андрей Шутов (Шестаков)
Қорғаныс және шабуыл шебінде:
Масси-Уолш, Галимов – Морелли – Веккьоне
Маккошен – Данияр, Савицкий – Өмірбеков – Қайыржан
Бекетаев – Бреус, Симонов – Шайхмедденов – Муратов
Королев, Оспанов – Волков – Колесников
«Барыс» 25 қыркүйекте Астанада мықты қарсылас – қазандық «Ак Барсты» қабылдайды.