Реклама
Реклама

«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді

Сарапшы, спорт журналисі
25.09.2025, 22:46

Астаналықтар ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Қазанның «Ақ Барыс» ұжымын қабылдады. 

hcbarys.kz

Ойын барысы

Астанада өткен кездесу елордалық жанкүйерлер үшін көңілсіз басталды. «Барыстың» жаңа қақпашысы Адам Шил бар болғаны 14-ші секундта алғашқы шайбаны жіберіп алды. Үшінші кезең басында қонақтар тағы бір гол салып, есепті ұлғайтты.

Алайда көп ұзамай Майкл Веккьоне айырмашылықты қысқартты. Соған қарамастан «Барыстың» шабуылы әрі қарай нәтижелі болмады. Нәтижесінде елордалық клуб қатарынан төртінші рет жеңіліс тапты.

Келесі ойын

27 қыркүйек күні «Барыс» өз мұз айдынында «Сібірді» (Новосибирск) қабылдайды.

Реклама
Реклама