«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясындағы кезекті матчта Новосибирскінің «Сібірімен» кездесіп, жанкүйерлерін нағыз голды драмаға куә етті. Қазақстандық клуб есепте екі рет ұтылып жатып, тамаша камбэкпен ерекшеленді.
Кездесудің алғашқы алты минутында қонақтар екі шайба соғып, «Барысқа» қиындық тудырды. Бірақ көп ұзамай Семён Симонов есепті қысқартты.
Екінші кезеңде Дмитрий Бреус таразы басын теңестіргенімен «Сібір» тағы екі рет мергендік танытты. Осы сәтте қақпашы Андрей Шутовтың орнына Адам Шил шықты. Қосалқы қақпашының сенімді ойыны астаналықтарға жаңа серпін берді.
Көп ұзамай Джейк Масси есепті қысқартса, дубль авторы атанған Симонов кезең соңына қарай таразы басын теңестірді.
Шешуші үшінші жиырмаминуттықта астаналықтар өз жанкүйерлерін қуантты: 48-минутта Иэн Маккошен алға шығарды, ал Мэйсон Морелли матчқа нүкте қойды — 6:4.