Реклама
Реклама

«Барыстың» америкалық жаңа қақпашысы неше миллион алады?

Сарапшы, спорт журналисі
29.09.2025, 21:23

«Барыс» ХК жаңа қақпашысы Адам Шилдің жылдық жалақысы шамамен 25 миллион рубльге (165 млн теңге) тең. Бұл туралы хоккей шолушысы Артур Хайруллин мәлімдеді

hcbarys.kz

Қақпашы ауысқан сәт

Еске сала кетейік, жазда «Барыс» канадалық қақпашы Ольвье Родригпен келісімшарт жасасқан еді. Алайда хоккейші жарақатына байланысты командадан кетті. Оның жылдық жалақысы 30 млн рубль (198 млн теңге) болады деген ақпарат тараған.

Осыдан кейін клуб Адам Шилді қатарға қосты.

Алғашқы ойындардағы нәтижесі

  • «Ак Барспен» өткен матчта америкалық қақпашы толық ойынды өткізді (1:2).
  • «Сібірге» қарсы кездесуде есеп 2:4 болып тұрған кезде алаңға шығып, «Барыстың» ойынды 6:4 есебімен жеңуіне үлес қосты.
Реклама
Реклама