Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Хоккейден Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын Азия чемпионы атанды

Сарапшы, спорт журналисі
22.11.2025, 19:23

Бейжіңде хоккейден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Қытайды ірі есеппен ұтып, турнирдегі екінші жеңісіне жетті. 

instagram/@kazakhstanicehockey
Реклама
Реклама

Екінші матчтағы сенімді ойын

Алғашқы турда Кореяны ұтқан қазақстандық хоккейшілер екінші ойында да қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Бүгін ұлттық құрама Қытайды 5:1 есебімен тізе бүктірді. 

Қазақстан сапында Бағдат Мұратов дубль жасаса, Марлен Мусоров, Сергей Александров және Артур Гатиятов бір шайбадан соқты. 

Азия чемпионатындағы жағдай

Бүгін өткен параллельді кездесуде Корея құрамасы күтпеген жерден Жапонияны 1:0 есебімен жеңді. Осы нәтиженің арқасында Қазақстан құрамасы үшін маңызды мүмкіндіктің есігі ашылды.

Азия чемпионы атағын қорғау үшін енді ертең Жапониядан негізгі уақытта ұтылмау жеткілікті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары