Астананың «Барысы» ҚХЛ-дың кезекті ойынында өз алаңында Омбының «Авангардына» қарсы ірі есеппен жеңілістің ащы дәмін татты.
Алғашқы жиырма минутта «Авангард» бір шайба салып, минималды басымдықпен алға шықты. «Барыс» қарсы шабуылдарды ұйымдастырғанымен гол соға алмады.
Екінші кезеңде Адам Шил қорғаған қақпа үш минуттың ішінде бірден үш шайба жіберді. Осыдан кейін қақпаға шыққан Андрей Шутов та бірден төртінші голды өткізіп алды.
Бесінші шайбадан кейін ғана астаналықтар шабуылды қайта жандандырып, Әлихан Өмірбеков есепті қысқартты — 1:5.
Үшінші кезеңде «Барыс» қысымды күшейтіп, Уиллман соңына қарай тағы бір шайба соқты. Бірақ айтарлықтай кері қайтуға мүмкіндік болмады. Матч 2:5 есебімен аяқталды.
27 қараша күні «Барыс» сырт алаңда Уфаның «Салават Юлаев» клубымен жолығады.