Реклама
Реклама

"Барыс" фаворитті жеңіп, күтпеген сенсация жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:40

Астананың "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дың 2025/26 маусымындағы кезекті матчында Мәскеудің ЦСКА командасын 3:1 есебімен жеңді. 

hcbarys.kz

Ойын қарсаңында қазақстандық ұжым Шығыс конференциясында 10-орында, ал ресейлік клуб Батыста 6-сатыда тұрған.

Кездесудің алғашқы 20 минутында елордалықтар қарқынын бірден байқатты. 13-минутта Тайс Томпсон есеп ашты. 

Екінші кезеңде таблода өзгеріс болмады. Негізгі тартыс соңғы жиырма минуттықта өрбіді. Үшінші кезеңде астаналықтар артық құрамда ойнаған сәтін тиімді пайдаланып, Майкл Веккьоне айырманы ұлғайтты. 

ЦСКА 57-минутта Максим Соркиннің шайбасымен есепті қысқартқанымен матч нүктесін қайтадан Веккьоне қойды.?

"Барыс" келесі кездесуін 20 қаңтарда Тольяттиде "Ладаға" қарсы өткізеді.

Реклама
Реклама