Реклама
Реклама

Александр Овечкин НХЛ мансабындағы 996 шайбаны соқты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:28

Хоккей аңызы Александр Овечкин НХЛ рекордына жақындады. Енді Овечкинге 1000 шайбасын соғу үшін небәрі төрт рет мергендік таныту қажет.

Александр Овечкин

28 қаңтар күні таңертең "Вашингтон Кэпиталз клубының ресейлік шабуылшысы Александр Овечкин НХЛ матчында мансабындағы 996-шы шайбасын соқты. Бұл көрсеткіш плей-офф кездесулерін қоса есептегендегі нәтиже.

40 жастағы хоккейші тұрақты чемпионат аясындағы сырт алаңда өткен ойында "Сиэтл Кракен" қақпасына шайба енгізді. Алайда бұл нәтижелі әрекет командасына көмектесе алмады. "Вашингтон" соңғы жеті кездесудің алтауында жеңіліс тапты.

Бұл жолы астаналық ұжым 1:5 есебімен ұтылып, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 12-орында тұр.

Грецкидың рекордына аз қалды

"Сиэтл" қақпасына соғылған шайба Овечкин үшін тұрақты чемпионаттағы 919-шы голы болды және ол өзінің рекордын жақсартуды жалғастырып келеді. Ал плей-оффты қоса есептегенде, Александр 1706 матчта 996 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген. Енді оған НХЛ-де 1000 голдық межеге жету үшін бар болғаны төрт шайба ғана жетіспейді.

Естеріңізге салсақ, тұрақты чемпионат пен плей-оффты қосқанда рекорд Уэйн Грецкидың еншісінде. Әйгілі канадалық хоккейші 1016 гол соққан.

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама