Реклама
Реклама

"Барыс" ҚХЛ-де қатарынан алтыншы матчта ұпайсыз қалды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:53

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының 2025/26 маусымындағы кезекті ойынында Хабаровскіде "Амурге" есе жіберді.

hcbarys.kz

Логвин ашты, бірақ "Амур" жылдам жауап берді

Кездесудің 6-минутында Всеволод Логвин есеп ашып, елордалықтарды алға шығарды. Бірақ алғашқы кезеңнің ортасына қарай "Амур" қарқынын үдетіп, 10-минутқа жетпей-ақ таразы басын өзіне аударды.

Екінші кезеңде алаң иелері тағы бір шайба соғып, басымдықты ұлғайтты. Үшінші кезеңде "Барыс" қарымта беруге тырысқанымен матчтың соңғы бөлігінде қарсылас шешуші голын енгізіп, ойынды жеңіспен түйіндеді — 4:2.

Осылайша астаналық клуб қатарынан алтыншы матчта жеңіліп отыр.

Келесі ойын

"Барыс" келесі кездесуін 4 ақпанда Владивостокта "Адмиралға" қарсы өткізеді.

"Амур" (Хабаровск) — "Барыс" (Астана) 4:2 (2:1, 1:0, 1:1)
Шайбалар тізімі: 
0:1 — 05:02 Логвин (Панюков, Масси) — тең құрамда
1:1 — 08:19 Гальченюк (Ли, Лихачёв) — тең құрамда
2:1 — 09:43 Мищенко (Юртайкин, Слепец) — тең құрамда
3:1 — 35:06 Слепец (Гиздатуллин) — тең құрамда
3:2 — 45:52 Асетов (Уолш, Маккошен) — тең құрамда
4:2 — 56:46 Слепец (Филатьев) — тең құрамда
Реклама
Реклама