Елордалықтар Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2025/2026 маусымындағы кезекті ойынында Санкт-Петербургтің СКА командасына 0:5 есебімен есе жіберді.
Ойынға дейін қазақстандық ұжым Шығыс конференциясында 10-орында тұрса, ресейлік клуб 8-сатыда орналасқан еді.
Кездесудің бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Ал екінші жиырмаминуттықта қонақтар "Барыс" қақпашысы Адам Шилге екі шайба соқты.
Үшінші кезеңде СКА қарқынын одан әрі күшейтіп, тағы үш голмен матч тағдырын толық шешті.
"Барыс" келесі ойынын 14 ақпанда Астанада өткізіп, Тольяттидің "Лада" клубын қабылдайды.