Қысқы Олимпиада ойындары-2026 аясында ерлер арасындағы хоккей турнирінің финалында Канада мен АҚШ құрамалары кездесті.
Негізгі уақытта қос команда жеңімпазды анықтай алмады — 1:1.
7-минутта АҚШ есеп ашты. Шайбаны Мэттью Болди соқты. 39-минутта Канада Кэйл Макардың арқасында таразы басын теңестірді.
62-минутта, яғни овертаймда АҚШ-қа жеңіс әкелген шайбаны Джек Хьюз салды.
Осылайша финалдың шешуші сәті қосымша уақытта келіп, алтын медаль АҚШ құрамасына бұйырды.
Бұл жеңістен кейін АҚШ ерлер құрамасы қысқы Олимпиадада үшінші мәрте чемпион атанды. Бұған дейін америкалық хоккейшілер Олимпиада алтынын 1960 жылы Скво-Вэллиде (АҚШ) және 1980 жылы Лэйк-Плэсидте (АҚШ) жеңіп алған.