"Барыс" ҚХЛ 2025/26 маусымының тұрақты чемпионатындағы кезекті ойынын өз алаңында өткізіп, череповецтік "Северстальдан" 2:3 (ОТ) есебімен жеңілді.
Кездесудің бірінші кезеңінде қонақтар минималды басымдыққа қол жеткізді. Екінші периодта есеп өзгермей қалды. Ал үшінші кезеңде "Барыс" ойын тағдырын қайта қолына алуға жақын болды. 0:2 есебінен қайтып, қысқа уақыт ішінде таразы басын теңестірді.
Астаналықтардың құрамында Всеволод Логвин мен Мэйсон Морелли мергендік танытты. Дегенмен матч овертаймға ұласып, қосымша уақытта "Северсталь" жеңіс голын соғып кетті.
"Барыс" 28 ақпанда Мәскеуде "Спартакпен" кездеседі.