Реклама
Реклама

Олимпиада-2026: АҚШ – Словакия матчында ірі есеп тіркелді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:27

Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиаданың хоккейден жартылай финалдық ойындары аяқталды.

Сурет: ашық дереккөздерден

АҚШ құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының хоккей турниріндегі жартылай финалда Словакияны ірі есеппен жеңді.

Кездесу 6:2 есебімен америкалықтардың пайдасына аяқталды. Бірінші кезеңде Дилан Ларкин мен Тэйдж Томпсон мергендік танытты. Екінші жиырма минуттықта Джек Хьюз дубль авторы атанып, Джек Айкел есепті ірі нәтижеге жеткізді. Қорытынды кезеңнің басында Юрай Славковски словактардың бір шайбасын қайтарды. Алайда АҚШ құрамасы Брэди Ткачуктың голымен жауап берді. Матчтағы соңғы нүктені 54-минутта Павол Редженда қойды.

Финал: Канада – АҚШ

Осылайша, АҚШ құрамасы Олимпиаданың ерлер арасындағы хоккей турнирінің екінші финалисі атанып, алтын медаль үшін Канадамен кездеседі. Бұған дейін "үйеңкі жапырақтылар" Финляндияны жеңген болатын. Ал финдер мен словактар қола жүлдені сарапқа салады.

Реклама
Реклама