Жарнама
Жарнама
"Барыс" Мәскеуде "Динамоны" ойсырата жеңді
hcbarys.kz

"Барыс" Мәскеуде "Динамоны" ойсырата жеңді

Астананың "Барысы" ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында бесінші жеңісіне жетті.

Гарретт Пилон дубль жасады

Елордалық команда сапында Гарретт Пилон екі рет мергендік танытты. Соныменқатар Джейк Масси мен Джастин Бейли бір-бір шайбадан соқты.

Мәскеудегі сенсациялық жеңістен кейін астаналық клубтың еншісінде 10 ұпай болды. Осы нәтиженің арқасында "Барыс" ҚХЛ Шығыс конференциясының турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Бұл — қазақстандық команданың жаңа маусымдағы бесінші жеңісі.

Сырт алаңдағы нәтижелі серия

"Барыс" сырт алаңдағы сериясын сәтті өткізіп жатыр. Алдымен команда Тольяттидің "Ладасын" 6:0 есебімен талқандады. Одан кейін Магнитогорскінің "Металлургіне" 0:3 есебімен жол берді.

Келесі кездесуде астаналықтар Гагарин кубогының иегері "Локомотивті" 5:0 есебімен жеңді. Енді Мәскеудің "Динамосынан" да басым түсті.

"Барыс" келесі кездесуін өз айдынында өткізеді. 25 қыркүйекте Нижнекамскінің "Нефтехимигін" қабылдайды.

Жарнама
Жарнама