Жарнама
Жарнама
"Барыс" ҚХЛ-де 3:5 есебімен жеңілді
hcbarys.kz

"Барыс" ҚХЛ-де 3:5 есебімен жеңілді

"Барыс" хоккей клубы ҚХЛ тұрақты чемпионатының кезекті матчында Санкт-Петербургтың СКА командасына жол берді.

Қонақтар бірінші кезеңде басымдық танытты 

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ қонақтар белсенді ойнады. 5-минутта Захар Бардаков есеп ашты.

Кейін Сергей Плотников екі рет мергендік танытып, СКА-ның басымдығын арттырды. Осылайша бірінші кезеңнен кейін петербургтік клуб айқын басымдыққа ие болды.

Логвин "Барысты" ойынға қайтаруға тырысты

Екінші кезеңнің басында "Барыстың" шабуылшысы Всеволод Логвин бір шайбаның қарымтасын қайтарды. Бірақ көп ұзамай СКА сапында Василий Глотов екі рет көзге түсті. Оның бір голы сан басымдығында соғылса, екіншісі азшылықта ойнап жатқан сәтте тіркелді.

Соған қарамастан кезең аяқталғанға дейін Логвин тағы бір шайба соғып, дубль авторы атанды. Бұл шайба "Барысқа" көпшілік кезінде келді.

Соңғы жиырма минуттықта "Барыс" Семе Симоновтың ықпалымен есеп айырмасын қысқартты. Әрі қарай әрекет жасағанымен, тағы нәтижелі шабуыл ұйымдастыра алмады. Матчтың қорытынды есебі – 3:5.

Қазіргі ҚХЛ маусымында "Барыс" Шығыс конференциясында плей-офф аймағына ену үшін күресіп жатыр. Астаналық хоккейшілер 30 қыркүйекте Қазанда "Ак Барспен" ойнайды.

Жарнама
Жарнама
Материалда: