Қазақстандық көркем жүзуден әлем кубогының жүлдегері атанды

Редактор Penalty.kz
16.04.2025, 19:37

Қазақстандық спортшы Эдуард Ким көркем жүзуден өткен әлем кубогы кезеңінде үздік үштікке енді.

olympic.kz

Кезең Египеттің Хургад қаласында өтті. Эдуард Ким техникалық бағдарламада өнер көрсетіп, қола медаль иеленді. Ол 211, 2383 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Бұл – Қазақстанның ерлер арасындағы көркем жүзу бойынша ірі халықаралық жарыстардағы ең жоғары жетістіктерінің бірі.

Жарыс нәтижелері:

  1. Ме Го (Қытай) – 224,5450
  2. Ранжо Томблин (Ұлыбритания) – 218,7650
  3. Эдуард Ким (Қазақстан) – 211,2383

Қалған қазақстандықтар да алғашқы ондықта

Қазақстан құрамасының тағы екі спортшысы да финалға жолдама алып, жоғары нәтижелер көрсетті:

  • Алдияр Рамазанов6-орын
  • Виктор Друзин8-орын