
Қазақстанда ұлттық спорттың дамуына серпін беретін жаңа бастама қолға алынды. Республикалық көкпар федерациясының кезектен тыс конференциясында Федерацияның жаңа президенті болып Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров сайланды.
Осыған дейінгі президент Бауыржан Әбдірашитов қызметінен өз еркімен кетті. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Еркебұлан Ілиясов оған атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, Қожаназаровтың жетекшілігімен федерацияның одан әрі өркендейтініне сенім білдірді.
Айдарбек Қожаназаров ұлттық спортты дамыту бағытында алғашқы жоспарларын бөлісті. Оның сөзінше, Қазақстанда алғаш рет көкпар бойынша арнайы Лига құрылмақ. Жүлде қоры — 25 миллион теңге.
"Қазір спорттық іс-шаралар күнтізбесін жасап жатырмыз. Ойындардың нақты мерзімін анықтаймыз. Сонымен қатар көкпарды аймақтарда кеңінен насихаттау үшін әр облыста федерация филиалдарын ашу жоспарда бар", — деді Қожаназаров.
Жаңа Лига шеңберінде чемпионаттардың жүлде қоры артып, үздік нәтиже көрсеткен командаларға қосымша сыйақылар қарастырылады. Сонымен қатар:
Бұл жүйе ат беруден бас тарту жағдайларын болдырмау үшін қолға алынбақ.
Бұл бастама көкпарды заманауи форматқа бейімдеп, жаңа аудиторияға таныстыруға бағытталған. Федерация маркетинг пен PR бағытындағы жұмыстарды да күшейтуді көздеп отыр. Бұл ұлттық спорттың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жас ұрпақ арасында қызығушылықты оятуға мүмкіндік береді.