Сәбина Алтынбекова қару алып, кімге сес көрсетті? (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
17.04.2025, 21:28

Қазақстандық волейбол жұлдызы қарудан атып жанкүйерлерін таңқалдырды. 

instagram/@altynbekova_20

Сәбина Алтынбекова спорттан тыс өмірінде күтпеген қырымен бөлісті. Желіде белсенділік танытатын спортшы қыз өзінің қауіпті, бірақ қызықты хоббиін жария етті.

Сәбина өзінің Instagram-парақшасында қару тирінен видео жариялады. Кадрларда ол әртүрлі отты қару түрлерін кәсіби деңгейде меңгеріп, дәлдікпен атқан оқтарының нәтижесін көрсетеді.

Бейнежазбаны Сабина әзілмен:

"Сен қандай тәттісің. Осы арада менің шынайы болмысым", – деп жазған.

Бұл жазба бірден жанкүйерлердің назарын аударып, пікірлер мен лайктарға толды.

Айта кетейік, Сәбина Алтынбекова биыл наурыз айында продюсер Саят Тостықбаевпен ажырасқанын мәлімдеген. Екеуі 2020 жылдың желтоқсанында некелесіп, 2021 жылдың қазан айында ұлды болған еді. Қазір Сәбина ана әрі кәсіби спортшы ретінде өмірін жалғастырып келеді.