Елдос Сметов Олимпиададағы алтын үшін уәде етілген сыйақыны әлі алған жоқ

Редактор Penalty.kz
23.04.2025, 15:33

2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының аяқталғанына бірнеше ай өтсе де, Қазақстан спортшыларына мемлекет уәде еткен қаржылай сыйақы әлі күнге дейін төленген жоқ.

olympic.kz

Бұл туралы ұлттық құраманың бір мүшесі жасырын түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Telegram-арнасы “Дядя Ваня”. 2024 жылғы Олимпиадада жүлде алған спортшыларға келесі көлемде сыйақы уәде етілген:

  • Алтын медаль – 250 мың доллар
  • Күміс медаль – 150 мың доллар
  • Қола медаль – 75 мың доллар
  • 4-орын – 30 мың доллар
  • 5-орын – 10 мың доллар
  • 6-орын – 5 мың доллар

“Бүгінгі күнге дейін бірде-бір Олимпиада қатысушысы ешқандай төлем алған жоқ. Тіпті сыйақының нақты қашан берілетіні де айтылмады. Ұлттық спорт федерациялары үнсіз. Бар айтатыны — “ақша жоқ, бірақ шыдаңыздар”, – дейді жасырын спортшы.

Олимпиада қорытындысы бойынша, Қазақстан спортшылары мен олардың бапкерлеріне 2,192 миллион доллар (шамамен 1,3 миллиард теңге) көлемінде сыйақы төленуі тиіс болған. Бұл соманың жартысы – спортшыларға, жартысы – жаттықтырушыларға қарастырылған.

Алтын жүлде иегері:

  • Елдос Сметов (дзюдо) – 250 000 доллар

Күміс жүлдегерлер:

  • Нариман Құрбанов (гимнастика)
  • Демеу Жадраев (грек-рим күресі)
  • Нұрбек Оралбай (бокс) — әрқайсысы 150 000 доллар

Қола жүлдегерлер:

  • Александра Ле (пневматикалық атудан)
  • Ислам Сәтпаев (пневматикалық атудан)
  • Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо)
  • Назым Қызайбай (бокс) — әрқайсысы 75 000 доллар

4-орын алғандар (30 000 доллар):

  • Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Айбек Оралбай, Сәкен Бибосынов (бокс)
  • Әбиба Әбужақынова (дзюдо)
  • Милад Карими (гимнастика)
  • Әмір Маймұратов (спорттық өрмелеу)

5-орын (10 000 доллар):

  • Ешкімге төленген жоқ

6-орын (5 000 доллар):

  • Александра Ле (атудан)
  • Руслан Құрбанов (жекелей семсерлесу)
  • Құрбанов, Әлімжанов, Шарлайымов, Сертай (командалық семсерлесу)